Ақтөбе облысының білім басқармасы
«Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ақпан айының 20-28аралығында оқушылардың тамақтануын сапалы ұйымдастыруды бақылау жөніндегі аудандық білім бөлімінің ведомствоаралық сараптамалық тобының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Үшқұдық, Қарақобда, Ақай ауылдық округінде орналасқан мектептерге барып, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитарлық жағдайы мен азық-түліктің сапасына қатысты бақылау жұмыстары жүргізілді. Сараптамалық топпен бірге Республикалық "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амантай Айсұлтанұлымен @amantaiaisultanuly мектептердегі тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуына
бақылау жүргізді. Әлеуетті өнім берушілердің жұмысымен танысып, осы саладағы бір қатар өзекті мәселелерді анықтап, мектептегі тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының тамақтануға қатысты құжаттарының заңнамаларға сәйкес ресімделуі туралы зерделеп, өз ұсыныстарын айтты.
2024 жылдың 13наурыз күні оқушылардың тамақтануын сапалы ұйымдастыруды бақылау жөніндегі аудандық білім бөлімінің ведомствоаралық сараптамалық тобының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Маржанбұлақ орта мектебіндегі мектеп асханасының санитарлық жағдайы мен азық-түліктің сапасына қатысты бақылау жұмыстары жүргізілді. Сараптамалық топпен бірге Республикалық "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амантай Айсұлтанұлымен @amantaiaisultanuly мектептердегі тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуына тәуелсіз бақылаушы ретінде тексеру жүргізіп, өз ұсынысын айтты.
Оқушылардың тамақтануын сапалы ұйымдастыруды бақылау жөніндегі аудандық білім бөлімінің ведомствоаралық сараптамалық тобының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес,ТамдыОМ,Нұрбұлақ ОМ,А.Байтұрсынов атындағы орта мектептеріндегі мектеп асханасының санитарлық жағдайы мен азық-түліктің сапасына қатысты бақылау жұмыстары жүргізілді. Сараптамалық топ төрағасы Г.Мырзагалиева мектептердегі тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылуын күнделікті бақылау қажеттігі туралы мектеп басшыларына ескертті. Ата-аналар комитетінің мүшесі ретінде сараптамалық топ құрамының мүшесі болып бекітілген Г.Наурызова ата-аналардан алынатын сауалнамаға қатысты өз ұсынысын айтты.